Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі: прокурор шендіні 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі: прокурор шендіні 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады Сурет: ашық дереккөз

ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры әрі экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша айыптаушы тарап шендіні 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша тараптардың жарыссөздері басталды.


Прокурор Еркеғали Закиров айыптау қорытындысын жариялап, Арыстанбек Мұхамедиұлын ҚР ҚК-ның 28-бабы 3-бөлігі (қылмысты ұйымдастыру) және 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ұрлау және иемдену) бойынша кінәлі деп тануды сұрады, деп мәлімдеді Azattyq Rýhy.


Аталған баптар бойынша мемлекеттік айыптаушы Арыстанбек Мұхамедиұлына мүлкін тәркілеусіз 9 жыл бас бостандығынан айыруды, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыруды ұсынды.


Тағы үш сотталушы – Алмаз Нұразхан, Азамат Көшенов және Айым Сәдуақасованы да прокурор кінәлі деп тануды және олардың әрқайсысына 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.


Айта кетейік, Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 сотында Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша негізгі сот талқысы 17 сәуірде басталған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42