Арыстанбек Мұхамедиұлы тергеу изоляторында қалады

Арыстанбек Мұхамедиұлы тергеу изоляторында қалады Сурет: Egemen.kz

Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша сот басталды.


Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы тергеу изоляторында қалады.


Судья Арыстанбек Мұхамедиұлы ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отырғанын, тергеу судьясының шешімінен сотталушының бостандықта болуы істі объективті қарауға кедергі жасауы мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 


Соттың пікірінше, Мұхамедиұлының сырқаты бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз бола алмайды. Сотталушы медициналық көмекті тергеу изоляторында да ала алады.



«Сот адвокат Төлеевтің Мұхамедиұлының бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады», - деді судья Бағлан Ыдырысов.



Бұған дейін Мұхамедиұлының адвокаты Мұстақым Төлеев сотталушының денсаулығына байланысты Арыстанбек Мұхамедиұлының бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыруды, сондай-ақ қорғауындағы азаматқа қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұраған болатын.

Арыстанбек Мұхамедиұлына жақында екінші рет ота жасалғаны айтылған еді.


Өткен жылдың 29 мамырында Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынғаны белгілі болды. Оған халықаралық көрмелерге бөлінген 140 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген айып тағылды.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25