Ардагерлердге деген ақ ниет

Түрксiб ауданының әкiмi В.Устюгов өзiнiң құттықтау сөзiнде әрбiр шақырылған ардагерлер өз уақытында қаланың және ауданның көркеюiне өздерiнiң үлкен үлес қосқандарын айтып өттi. 

Сондықтан, олардың еңбектерiн бағалай отырып, әкiмдiк өз тарапынан жасы үлкен қарт адамдарға қамқорлық көрсетiп және үнемi назарда ұстайды. Аудан әкiмi аппаратына жылдың iшiнде әрбiр ардагерге «барып қайту» тапсырмасы қойылған. Әрбiрiне ерекше назар аудару үшiн туған күн немесе мерекелiк iс-шаралар түрiнде жасалатын барлық мүмкiндiктер пайдаланылады.

Аудандық ардагерлер кеңесiнде Түрксiб ауданының әкiмдiгiмен бiрлесiп олардың туған күндерiне сәйкес 65 тен 90 жасқа дейiнгi соғыс және еңбек ардагерлерiнiң тiзiмi жасалған.

Жоспар бойынша мерейтой иелерiнiң құрметiне «Ақ ниетпен» атты мерекелiк iс-шара ай сайын өткiзiлетiн болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *