Ардагерді еске алу турнирі өтті

Ардагерді еске алу турнирі өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылдық округінде 9 мамыр –Жеңіс күні мерекесіне орай қанды майданға қатысқан майдангерлер мен тыл ардагерлерін еске алуға арналған іс-шара өтті. Аталмыш шараға ауылдық округ әкімдігі, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары  қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

         Алдымен Нұра ауылдық округі әкімдігінің қызметшілері ардагерлерді үйлеріне барып құттықтап,  құнды сыйлықтар табыс етті. Ауыл әкімі Данияр Күнгей бейбіт күнді сыйлаған ардагерлерге өз алғысын білдірді. Туғанбай ауылындағы Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған ескерткішке барып, дүниеден өткен ардагерлерге құран бағыштады. Жергілікті асханада арнайы ас берілді. Шараның соңы ауылдың әйгілі ақсақалы атақшы шопан, Ұлы Отан соғысының ардагері, Еңбек ері Күнболат Сейітовтың құрметіне арналған футбол турнирімен жалғасты. Футбол алаңына іргелес ауылдардан келген командалар жиналды. Нәтижесінде туғанбайлық футболшылар бірінші орынды жеңіп алды, екінші орынды Нұра ауылының споршылары місе тұтты. Үшінші орынды аралас жастар құрамасы иеленді.

Бұл турнир тек біздің атамызды еске алуға арналған турнир емес. Бұл он сегізде от кешіп, сұрапыл майданға аттанған барлық ауылдың ардагерлеріне арналады. Осы турнир арқылы біз ержүрек ата-бабаларымыздың ерлігін дәріптеп,  жастарды отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеуді мақсат еттік. Аталмыш турнир ауылда жыл сайын өткізілетін шаралардың қатарында болады,- деді батырдың немересі Азамат Сейітов.

 Айта кетейік, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен ауыспалы кубок салтанатты жағдайда табыс етілді.