Арал теңізінің құрғаған аумағына сексеуіл егіледі

Арал теңізінің құрғаған аумағына сексеуіл егіледі
Сурет: Bugin.kz

Осы арқылы теңіз түбінен шығып жатқан улы аэрозольдің таралуына тосқауыл қойылмақ

Арал теңізінің құрғаған аумағына аэро-себу әдісімен сексеуіл отырғызылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Тың тәсілдің көмегімен ағаш отырғызу жөнінде Өзбекстан тарапымен өзара келісім жасалып, арнайы жол картасы әзірленген.

  Үкімет отырысы кезінде құзырлы ведомство басшысы 100 мың гектар жердің әзірленгенін жеткізді. Жалпы бұған дейін 337 мың гектарға сексеуіл отырғызылған еді. 2025 жылға дейін бұл жер көлемін 1 млн гектардан асыру жоспарда бар. Осылайша, құм көшін тоқтатып, улы аэрозольдің таралуы тоқтатылмақ.