Арал теңізін қайта суға толтыру үшін 500 адам тасаттық намазын оқыды

Арал теңізін қайта суға толтыру үшін 500 адам тасаттық намазын оқыды
Сурет: Yuz.uz

Aртынша құрбандық шалды.

Қызылорда облысында Арал теңізін қайта суға толтыру үшін 500 адам тасаттық беріп, намазға жығылды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап. 

Рәсімге қатысушылар арасында экологиялық апатқа ұшыраған теңіз мәселесін көтеріп жүрген белсенділер, экологтар, тіпті дін өкілдері мен өңір тұрғындары да бар.

Дәстүр бойынша жиналғандар молдалармен бірге намазға жығылып, артынша құрбандық шалды.

Еске салсақ, былтыр Қызылорда облысының Арал ауданында жауын жаумай, жұрт қуаңшылықтан зардап шеккен болатын Ал экомарафон кезінде құрбандық шалынып, жиналғандар жаратқаннан жауын тіледі.