Ара шаққанда қалай әрекет ету керек?

Ара шаққанда қалай әрекет ету керек?
Сурет: Inform.kz

Күн жылысымен саябақтар мен ормандарда және гүлдердің айналасында аралар көбейеді.

Араның шағуынан болатын өлім жағдайлары сире кездеседі, дегенмен оны елемей қоюға тағы болмайды

Қандай жағдайда араның шағуы қауіпті болуы мүмкін және ара шаққанда не істеу керек? 

Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Massaget.kz порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аралардың табиғатқа пайдасы мол болғанымен, олардың шағуы адамға қауіпті. Адамға ара емес, оның бізгегіндегі у қауіп төндіреді. Ара шағуының негізгі белгілеріне шаққан жердің күйіп ауыруы, қышу, ісіп кету, бас ауыру және бас айналу жатады. Кей адамдар денесінде әлсіздік сезеді, жүрек соғысы жиілейді және лимфалық түйіндер үлкейіп кетеді.

Көп жағдайда адамдар ара шағуын жеңіл өткереді. Алайда егер адамның иммунитеті әлсіз болса, аллергияға бейім болса және созылмалы ауруы бар болса, ол кей асқынуларға шалдығуы мүмкін.

Асқынуларды болдырмас үшін әрбір адам ара шаққанда алғашқы көмекті қалай жасау керегін білуі керек. Мына реттілікті сақтаған жөн:

Ара шаққан жерді тексеру керек. Егер араның бізгегі шаққан жерде қалып қойса, оны антисептикпен немесе спиртпен өңделген пинцетпен алып тастау керек. Бастысы, бізгекті қолмен қыспаған дұрыс, әйтпесе у қалдықтары тінге терең еніп кетеді;

жараны антисептикалық құралмен залалсыздандыру керек;

жара шаққан жерге салқын бірдеңе басқан жөн;

суды көбірек ішу керек;

ара шаққан жерге антигистаминдік жақпамай немесе крем жағу қажет.

Егер ара көзді, ауыз қуысын шағып алса, жылдам жедел медициналық көмек шақырту керек. Араның бет тұсын шаққаны қауіпті. Бұл жағдайда аллергияға бейім емес адамның өзінде қатты ісік пайда болуы мүмкін. Егер ара тілді шағып алса, ол қатты ісіп, тыныс алуды бітеп тастауы мүмкін.

Мына жағдайларда жедел жәрдем шақыру керек:

ара шаққаннан кейін дегене бөртпе немесе басқа да аллергиялық реакция шығып кетсе;

ара шаққан адамның температурасы көтеріліп кетсе;

адамды бірден бірнеше ара шағып алса.