АПТАЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ (8­–14 сәуір, 2021 ж.)

 

Тоқты

Біраздан бері ойлап жүрген идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Көктем тоқтылардың өміріндегі үйлесімділік пен тұрақтылықты қалпына келтіріп, мансап пен отбасы арасындағы тепе-теңдікті табуға сеп болады.

 

Торпақ

Бұл апта жұмыстағы шиеленіске толы болмақ. Демалыссыз жұмыс істейді, бірақ жеке өмірі жақсарады. Бойдақтар көптен күткен махаббатын тапса, ерлі-зайыптылар үшін күтпеген қуанышты жаңалық болады.

 

Егіздер

Сәуір айында егіздердің өмірінде тұрғын үйге қатысты өзгерістер болады. Олар баспана алуы, ал баспанасы барлар жөндеумен айналысуы мүмкін.

 

Шаян

Бұл белгі өкілдерінің жеке өмірі бір жолға түседі. Өмірден өз теңін таппағандар болса, ақ некеге тұруы әбден мүмкін. Ол өзінің әрекетіне байланысты.

 

Арыстан

Арыстандарға көптеген жеке қиындықтар әкелуі мүмкін. Көбіне сенімге кірген адамның пайдаланып кетуі ғажап емес. Сондықтан олар алаяқтың құрбаны болмас үшін шешімді дұрыс қабылдай білуі қажет.

 

Бикеш

Сәуір айында қысқамерзімді демалыс алады. Алсол демалысты босқа өткізбей, қандай да бір жетістікке жету үшін пайдаланған абзал.

 

Таразы

Таразылардың ішіндегі шығармашылық адамдары үшін бұл апта сәтті болады. Олар жаңа шедеврлер жасап, өз шеберліктерін көпшілікке көрсетуге мүмкіндік беретін шабытқа ие болады.

 

Сарышаян.

Бұл белгінің өкілдері мансапта серпіліске ие болады. Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмай, іскерлік жағдайыңызды жақсартып алуыңызға тілектеспіз.

 

Мерген

Мергендердің арасындағы өзін-өзі дамытуға және кәсіби дағдыларды жетілдіруге уақыт бөлген адамдар айтарлықтай нәтижеге қол жеткізеді. Бұл жұмысқа және қаржылық жағдайға оң әсерін тигізеді.

 

Тауешкі

Бұл белгінің өкілдері сәуірде қызмет бабымен жоғарылайды. Дизайнерлер мен мемлекеттік қызметшілер үлкен жетістіктерге қол жеткізуі мүмкін.

 

Суқұйғыш

Астрологтар суқұйғыш белгісінің өкілдері алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін екенін ескертеді. Әсіресе, егде жастағы адамдар.

 

Балықтар

Олар аралары суыған жақын адамдарымен қайта табысады. Егер отбасында жанжал болса, онда олар ақылға келіп, бұрынғы бақытты күйіне оралады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *