АПТАЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ (25 ақпан – 3 наурыз, 2021 жыл)

 Тоқты (21.03 –20.04)

Аптаның басында жұмыста қиындықтар туып, біраз азаптануыңыз мүмкін. Алайда, апта сонында бәрі қалпына келеді. Мазалаған ойлардан арылып, қиын сәттерді ұмытуға тырысыңыз.

Торпақ (21.04 – 21.05)

Бұл апта сізден жігерлілік пен қайсарлықты талап етеді. Әріптестеріңізге көп сене бермеңіз. Олардың ішінде қызғаныш жатуы мүмкін. Апта барысында сізді күтпеген кездесу күтіп тұр.

 Егiздер (22.05 – 21.06)

Апта барысында қиындыққа тап болсаңыз, сабыр сақтап, істің ақырын күтіңіз. Өсімі бар қаржыға жоламаңыз. Сыртқы келбетіңізді жинақы ұстаңыз. Киімге қарап қарсы алу қазір де бар.

Шаян (22.06 – 23.07)

Бұл апта өзіңіздің ішкі жан-дүниеңіздегі өзгерістерге құлақ асатын уақыт. Қауырт жұмыстарды бастамас бұрын, оның нәтижесі қалай болатынын алдын ала есептеп, таразылап алыңыз.

Арыстан (24.07 – 23.08)

Аптада кездескен қиындыққа мойымаңыз. Араласатын ортаңызды кеңейтіңіз. Өзіңізді қолдап, қолпаштайтын тілектестеріңіз бен шынайы достарыңыздың барынша көп болғаны дұрыс.

Бикеш (24.08 – 23.09)

Іске барынша құмбыл кірісіңіз. Ширақтығыңыз бен біліміңіздің арқасында абырой биігінен табылуыңыз мүмкін. Жаңа қызметкерлеріңізді сынақтан өткізуге уақыт тапсаңыз, ісіңіз алға басады.

Таразы (24.09 – 23.10)

Бұл апта өміріңізге ұмытылмас өзгеріс алып келеді. Жан-жақтан келіп түскен ұсыныстарды ойланып, дұрыс шешім қабылдағаныңыз абзал. Ең бастысы, ұстанымыңызды сақтап, ақылмен іс қылыңыз

Сарышаян (24.10 – 22.11)

Іскер адамдармен байланысыңызды үзбеуге тырысыңыз. Сәтті мүмкіндікті аяқастынан жіберіп алуыңыз мүмкін. Барлық уақытта өзіңізді өте сергек ұстап, қызу істің бел ортасынан табылыңыз.

Мерген (23.11 – 21.12)

Сіз үшін өте сәтті мезгіл болғалы тұр. Апта барысында бұрыннан келе жатқан ұсақ-түйек шаруаларыңызды тындырғаныңыз дұрыс. Қаражат мәселесін реттеудің де тиімді жолдары табылады.

Тауешкi (22.12 – 20.01)

Аптаны көтеріңкі көңіл күймен бастаңыз. Барлық іс-тірлігіңіздің тек қана сіздің ыңғайыңызға қарай реттелетініне сеніңіз. Адалдығыңыз бен сенімді әрекетіңіз жоғары лауазымға жеткізуі мүмкін.

 Суқұйғыш (21.01 – 19.02)

Алдағы апта басталысымен, өмір сүру ортаңыз ауысуы мүмкін. Яғни өміріңіз жаңа арнаға бұрыла бастайды. Жаңа достар табасыз. Өмірде  өзіңізге пайдалы іс-әрекеттермен айналысыңыз.

Балықтар (20.02 – 20.03)

Аптаның басы қиындау соғуы мүмкін. Жақын жандармен ортақ байламға келе алмай қиналасыз. Жақсы танымайтын адамға сырыңызды айтпаңыз. Сабыр сақтауды әдетке айналдырғаныңыз абзал.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *