АПТАЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ 18–24 ақпан,  2021 жыл

 

 Тоқты (21.03 –20.04)

Белсенділігіңіз және жігеріңіз артады. Жеке тәжірибеңізге сүйене отырып, қажырлы әрекет етесіз. Алдағы аптада жаңа серіктестермен тығыз да нығыз ынтымақтастық құруыңыз мүмкін.

Торпақ (21.04 – 21.05)

Достармен, ескі таныстармен қарым-қатынаста қиындық туындауы мүмкін. Ақша көп мәселені шешуде маңызды рөл атқарады. Шығын көп болғанымен, апта сізге қаржы саласында қолайлы болмақ.

Егiздер (22.05 – 21.06)

Егіздер өзінің сана-сезімі мен білімін ашық көрсетпей, шынайы пікірін жасырады. Бұл жағдайда сіз делдалсыз немесе кеңесші боласыз. Жаңа жұмыс түрі пайда болады. Сіз үнемі артқа жалтақтайсыз.

Шаян (22.06 – 23.07)

Шаяндар өзгерістерге қабілетті, көреген және оны қабылдауға дайын. Сізді қазіргі уақыт қатты қызықтырады. Осы апта сізге жақсы адамдардың назарын аударуға мүмкіндік береді.

Арыстан (24.07 – 23.08)

Арыстандар басқалармен қарым-қатынас жасаудың нашар  әдісін таңдау арқылы өмірін қиындатады. Жоспарланбаған сипатта жарқын кездесу болуы мүмкін. Кейбір оқиғаны  құпия ұстауға тура келеді.

Бикеш (24.08 – 23.09)

Бикештер болып жатқанға әртүрлі көзқараспен  қарауға қабілетті. Сіздің күткеніңіз орындалады. Бұған жақын адамдардың іс-әрекеті, достардың қолдауы мен ықпалы молынан әсер етеді.

Таразы (24.09 – 23.10)

Бұл апта ашық айтуға болмайтын жасырын сипаттағы оқиғаға толы болмақ. Әсіресе, өз әсеріңізді одан сайын айқынырақ сезінетін танымал топтың кәсіби жетістігі сіз үшін маңызды.

Сарышаян (24.10 – 22.11)

Жұлдыздар сізді сындарлы байланыс орнатуға жетелейді. Үзілген байланысты қалпына келтіру, маңызды мәселені шешуге көмектесетін қатынасты жаңарту күтілуде.

Мерген (23.11 – 21.12)

Кәсіби қызметте жоспарыңызда болмаған, күтпеген бұрылыс болуы мүмкін. Енді тағдыр сізді ескі идеяны жүзеге асыруға итермелейді. Сіздің ойларыңыз материалдық баюмен ұштасады.

Тауешкi (22.12 – 20.01)

Сіз өзіңіз анықтаған басты нәрсеге назар аударасыз. Үнемі тұрақты жұмыспен айналысасыз. Басқалар сіздің іс-әрекеттеріңізді зерделеп, қызығушылық таныта бастайды.

 Суқұйғыш (21.01 – 19.02)

Достықты, шығармашылық қарым-қатынасты, кәсіби өзара әрекеттестікті түсінуге талпынасыз. Өзін томаға-тұйық ұстап, сіздің әлеуетіңізді өз пайдасына асырғысы келетін адамға сенім артпаңыз.

Балықтар (20.02 – 20.03)

Балықтар бәрін алдын ала сезіп, болжап отырады. Бұл ұстамдылықты және тәуелсіз шешім қабылдау қабілетін қажет етеді. Жақсы әсер жаңа сезімге, жаңа сүйіспеншілікке жетелейді.

 Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *