АПТАЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ 11–17 наурыз,  2021 жыл

Тоқты (21.03 –20.04)

Осы аптада жолсапарға шығуды жоспарласаңыз, жолда аса абай болғаныңыз жөн. Адам көп шоғырланған жерлерде, айтқан сөзіңізге еге болмасаңыз, сөзіңіз өзіңізге кесірін тигізуі мүмкін.

Торпақ (21.04 – 21.05)

Бұл аптада сіз қиял мен шын мәнісіндегі өмірдің аражігін ажырата алмай, адасып қалуыңыз ықтимал. Ішкі сұранысыңыз бен сыртқы қажеттілігіңіздің арасында қарама-қайшылық туындайды.

Егiздер (22.05 – 21.06)

Туған-туыстың қамын ойлауды бір жаққа ығыстырып, өз отбасыңыздың жағдайын жасауға кірісіңіз. Сонда ғана отбасының өзіңізге деген жылуын сезініп, жаныңыз рақатқа бөленеді.

Шаян (22.06 – 23.07)

Сізге тек өзіңіздің ғана емес, өзгенің де тағдырына тікелей қатысты жауапкершілікті мойныңызға алуға тура келеді. Туысыңыз бен достарыңыз сіздің қабілет-қарымыңызға арқа сүйейді.

Арыстан (24.07 – 23.08)

Апта барысында сіз өзіңіздің дипломатты, яғни ақылды әрекет етудің маңыздылығын сезінесіз. Байланыстар орнатуға, туысқандармен қарым-қатынасты нығайтуға қолайлы уақыт.

Бикеш (24.08 – 23.09)

Осы аптада сіздің өміріңізде оң өзгерістер орын алып, болашаққа нық сеніммен қарайтын боласыз. Материалдық жағдайыңыз жақсарып, шығармашылық дамуға септігін тигізеді.

Таразы (24.09 – 23.10)

Сіз жеңіл-желпі сәтсіздіктің шытырман шырмауынан құтыла алмай әлекке түсесіз. Күтпеген жерден қаржылық қиындыққа тап боласыз немесе айналаңыздағылармен келіспей қаласыз.

Сарышаян (24.10 – 22.11)

Жеке басыңыздың қызығушылығын қанағаттандыруға қолайлы апта. Келіп түскен ұсыныстарға шешім қабылдаған кезіңізде  мұқият болғаныңыз жөн. Әрбір қадамыңызды нық басуға тырысыңыз.

Мерген (23.11 – 21.12)

Бойыңыздағы жақсы қасиеттер мен өнеге боларлық ұстанымның арқасында аптаның көшбасшысы атанасыз. Қабілетіңізді шыңдап, алға қарай жылжисыз. Табысыңыздың молаюы мүмкін.

Тауешкi (22.12 – 20.01)

Көптеген бастамаңыз ойдағыдай нәтиже бере қоймайды. Сіздің шектен тыс белсенділігіңіз пайдасын емес, зиянын тигізуі мүмкін. Бос уақытыңызды сүйіктіңізге ғана арнағаныңыз жөн.

Суқұйғыш (21.01 – 19.02)

Осы аптада неге екені белгісіз, шырғалаң да шытырман оқиғаларға деген қызығушылығыңыз артады. Тіпті, сіз күнделікті күйбең тіршілікті ұмытып, шынайы өмірден алыстап кетесіз.

Балықтар (20.02 – 20.03)

Сіздің әлеуметтік белсенділігіңіз – қиялыңызға орын береді. Осының әсерінен сізде ерекше бейімділік пайда болып, мағынасыз және ақталмаған тәуекелге бел бууыңыз ғажап емес.

 

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *