АПТАЛЫҚ ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ 11–17 ақпан, 2021 жыл

Тоқты (21.03. – 20.04.)
Тоқтылар үшін осы аптада қуанышқа толы күндер көп болайын деп тұр. Көптен күткен досыңыздан хабар аласыз және ол жанмен кездесесiз. Демалыс күндерін жанұяңызбен өткізгеніңіз абзал.
Торпақ (21.04. – 21.05.)
Осы белгінің аясында туғандар үшін апта қиындау болмақ. Торпақтарды әлдебiреулер алдамақ болады, бiрақ оларды алдау мүмкiн емес. Оның үстіне торпақтар алдаған жанды ешқашан кешірмейді.
Егіздер (22.05. – 21.06.)
Аспан денелерінің білдіруінше, егiздерді осы аптада қолдаушылар көбейеді. Қол созғандардың бәріне ұмтыла бермей, талғампаздық танытқан дұрыс. Апта соңында керемет тосын сый күтiп тұр.
Шаян (22.06. – 23.07.)
Шаяндар негізінен еңбеккер әрі сабырлы жандар. Олар үшiн апта сәттi болғалы тұр. Әр жасаған iсiңiз мейлінше табысты аяқталады. Жақын адамдарға қолұшын беруді ұмытпаңыз.
Арыстан (24.07. – 23.08.)
Арыстандар үшін бұл өте қолайлы апта болмақ. Туыстарыңыз, достарыңыз көмек сұраса, аянып қалмаңыз. Жолыңыз болып тұр: осы аптада қолыңыздан бәрi келедi. Жұлдызыңыз осылай дейді.
Бикеш (24.08. – 23.09)
Аптаны үлкен үмітпен бастаңыз. Қиындықтан қашпаңыз. Бикештерді осы апта соңына қарай керемет жаңалық күтiп тұр және бұл жаңалық сiздiң болашағыңызбен тығыз байланысты.
Таразы (24.09. – 23.10.)
Таразылар – сезімге тез берілгіш жандар. Жұмыс, үй шаруасын бір сәт ысырып қойып, көңiлдi кештi күтiңіз. Өмірге сындарлы көзқарас танытыңыз. Бейсенбі күні сіз қуанышты көрiнiске куә боласыз…
Сарышаян (24.10. – 22.11.)
Көптен бері мақсатыңызға қолыңыз жетпей жүр. Сiзде қорқыныш сезiмі басым, батыл болыңыз. Өзіңіздi қорғайтын жанды осы аптада кездестiресiз. Тек ол адамды жаңылыспай табуға тырысыңыз.
Мерген (23.11. – 21.12).
Жұмысқа алаңсыз беріліп кетпей, бір сәт төңірегіңізге көз салыңыз. Сізге ғашық бір адам бар. Бiрақ ол жүрек сырын қалай жеткізерін бiлмей жүр. Дегенмен, осы аптада көңілін жеткізуі мүмкін.
Тауешкі (22.12. – 20.01) .
Тауешкілердің басқа адамдардан ерекшелiгi – өзін ренжiткен жандарға кек сақтамайтындығы. Қайта сыннан қорытынды шығару үшін жанын салады. Сәрсенбі күні олжалы болғалы тұр.
Суқұйғыш (21.01. – 19.02.)
Отбасында керемет жаңалық болады, жаңалықты бiрiншi болып сіз естисіз. Сондықтан осы аптада үйде болғаныңыз дұрыс-ақ. Қызықшылығыңызға жақын достарыңызды ортақ етіңіз.
Балықтар (20.02. – 20.03.)
Балықтарды бүгiн ерекше өмiр сынағы күтiп тұр… Ешкiмнен көмек күтпей, тек өзіңіздің күшіңізге сеніңіз, себебi әрбiр қиын жағдайдан қалай шығу керектiгi тек өзіңізге ғана мәлім.