Apple, Google және Amazon едәуір шығынға батты

Apple, Google және Amazon едәуір шығынға батты
сурет:egemen.kz

Компаниялар 2022 жылы қомақты табыстарынан айрылған.

Хайтек алыптары 2022 жылы қомақты табысынан айырылған. Apple басшылығы төрт жылда бірінші рет тоқсандық табыс төмендегенін мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

2022 жылдың соңында Apple өнімдерінің сатылымы 5%-ға төмендеген.

Купертино бұл жылдың басым бөлігінде күшінде болған Қытай зауыттарындағы ковид шектеулеріне де байланысты екенін мәлімдеді (компанияның Қытайда бірнеше зауыты бар).

Google жыл соңында жарнамалық кірістің 9 жылдағы ең төменгі өсімін атап өтті.

Таза пайда өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға қысқарған. Бұл ковидтің салдары аясында жарнама берушілердің сақтығына байланысты.

Amazon онлайн-ритейлері әзірге кірістің 15 пайыз өскенін хабарлады, бірақ таза пайда аздап төмендеген.

Компания жаппай қысқарту жоспарын жариялап, осы жылға өте мұқият болжамдар жасаған болатын.