Апаттың алдын алды

Апаттың алдын алды
almaty-akshamy.kz

25 шілде күні 13 сағат 50 минутта Алматы қаласы ТЖД күштеріне Медеу ауданы, Ахмедьяров көшесі, 20 мекенжайында орналасқан 3 қабатты ғимаратта орын алған өрт туралы жедел шақырту келіп түсті. ТЖД күштерінің арнайы бөлімі оқиға орнына 7 минтутта жетті.

Үш қабатты ғимараттың шатырын шарпыған өрт жедел ауыздықталды. Жақын маңдағы орналасқан тұрғын үйлер зардап шеккен жоқ. Арнайы мамандар  нысанды электр энергиясынан ажыратты. Оқиға орнында өрттің себебін анықтау үшін жедел штаб құрылды.