Антониу Гутерриш, БҰҰ-ның Бас хатшысы: Адам өмірін сақтайық. Қантөгісті тоқтатайық

Антониу Гутерриш, БҰҰ-ның Бас хатшысы:  Адам өмірін сақтайық. Қантөгісті тоқтатайық
smartik.ru

БҰҰ Ресей мен Украинаны Пасха уақытында бітім орнатуға шақырды

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресей мен Украинаны Пасха уақытында төрт күндік бітім орнатуға шақырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  inbusiness.kz  сілтеме жасап. 

"Бүгін мен Қасиетті аптада төрт күндік гуманитарлық үзіліс жасауға, яғни ұлы бейсенбіден бастап Пасха жексенбісіне дейін гуманитарлық дәліздерді ашуға шақырамын", – деді ол. Гуттериш БҰҰ-ның осы уақыт ішінде Мариуполь, Херсон, Донецк және Луганск қалаларына гуманитарлық көмек жіберуге дайын екенін айтты. "Мен барлық тараптарға менің үндеуімді қолдауды ұсынамын. Адам өмірін сақтайық. Қантөгісті тоқтатайық. Диалог жүргізіп, бейбітшілік орнатайық", – деді Бас хатшы.