Антониу Гутерриш: Ауғанстан лаңкестік ұйымдардың мекеніне айналмауы керек

Антониу Гутерриш: Ауғанстан лаңкестік ұйымдардың мекеніне айналмауы керек
Сурет: Rbc.ru

БҰҰ Бас хатшысы Ауғанстан мәселесіне алаңдаушылық білдіруде.

Халықаралық қауымдастық Ауғанстанның лаңкестік ұйымдардың мекеніне айналамауына күш салу керектігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш осы елге қатысты Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында осылай деп мәлімдеді. Ұйым басшысы, сондай-ақ, «Талибан» мен барлық тарапты халықаралық құқықты сақтап, гуманитарлық ұйымдардың еш кедергісіз қатынауын қамтамасыз етуді сұрады.

«Халықаралық қауымдастық Ауғанстан лаңкестік ұйымдар паналайтын мекенге айналмау үшін күш салуы керек. Мен бұл істе әлем елдерін бірігіп әрекет етуге шақырамын және Ауғанстандағы лаңкестік қауіпті жойып, адам құқықтарын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаумыз қажет», деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.