Антикор «Қазгеология» басшылығына қатысты тергеуді бастады

Антикор «Қазгеология» басшылығына қатысты тергеуді бастады
Сурет: Golos-naroda.kz

Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша жүргізіледі.

Антикор «Қазгеология» басшылығына қатысты тергеуді бастады.Тергеу лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz cілтеме жасап.

"Мекеме басшылығы Жарғыны бұзып, директорлар кеңесінің тиісті шешімінсіз Басқарма мүшелеріне (Басқарма төрағасы, төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 миллион теңгеден астам сомаға артық төледі деген күдікке ілінді", - делінген ресми ақпаратта.

Осылайша лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтқан. Іске қатысты тергеу жалғасып жатыр.