Антикор экс премьер-министр Маминге қатысты мәлімдеме жасады

Антикор экс премьер-министр Маминге қатысты мәлімдеме жасады
Сурет: Gov.kz

Қылмыстық іс жүргізіліп жатқан жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары Қазақстанның экс премьер-министрі Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Орталық коммуникацилар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ұлан Сарқұловқа «Бұрынғы Премьер-Министр Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс бар ма?» деген сұрақ қойылды. 

«Бастапқыда барлық атышулы істерді айтып өткен едік. Бірден айтайын, Асқар Маминге қатысты қазіргі уақытта біздің агенттікте қылмыстық іс жүргізіліп жатқан жоқ», – деді Ұлан Сарқұлов.