Антикор 12 жыл іздеген қазақстандықты Мәскеуде ұстады

Антикор 12 жыл іздеген қазақстандықты Мәскеуде ұстады
Сурет: Advgazeta.ru

Оны Қазақстанға экстрадициялау рәсімі басталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 12 жыл іздеуде жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековке халықаралық іздеу жариялаған.

«Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел іздестіру іс-шаралары жүзеге асырылды. Нәтижесінде Ресейдің құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және ІІМ Интерполмен бірлесіп, Алтынбековті Мәскеу қаласында ұстады», - делінген хабарламада.

Тергеу органдарынан жасырыну үшін, өзінің тегін «Алтынбековтен» «Алшерге» өзгерткен.

Ведомство іздеуде жүргендердің көпшілігі қазақстандық сот төрелігінің жүрмеуі үшін елден тыс жерде жасырынатынын жеткізді.