Антидене адам денесінде ұзақ сақталады деген рас па?

Антидене адам денесінде ұзақ сақталады деген рас па?
travelsafeclinic.ca

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ микроағзалар коллекциясы зертханасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), ғалым, QazVac вакцинасын әзірлеушілердің бірі Қуандық Жүгінісов вакцина салдырғандардан гөрі коронавируспен ауырғандарда антидене ұзақ сақталады деген пікірге жауап берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.

Оны нақты ешкім тексеріп, дәлелдеген жоқ. Әркім әртүрлі пікір айтады. Ал ауырған адамдарда иммунитет пайда болатыны рас. Бірақ ол ұзақ сақталады дегенмен келіспеймін. Бәрі организмге байланысты, - деді Қуандық Жүгінісов.

Сондай-ақ ғалымның айтуынша, өзі жұмыс істейтін ғылыми орталықта QazVac-тан басқа 4 вакцина әзірленіп жатыр.

- Екпелер сынақтан өткізілуде. Нәтижелері де жаман емес, - деп отыр ғалым.