«Аңсаған сәби» бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасады

«Аңсаған сәби» бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасады
Сурет: Dobvesti.ru

Былтыр 3 000-нан астам әйел жүктілік бойынша есепке алынды.

«Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 1307 отбасында көптен күткен 1560 бала дүниеге келді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бедеулік салдарынан отбасылық жұптардың 20 пайызы ажырасып жатқанына, отбасылық-демографиялық жағдайға алаңдаушылық білдіре отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды. Былтыр осы бағдарлама арқылы 7 000 әйелге қосалқы репродуктивтік технологиялар қолжетімді болды. Нәтижесінде 3 000-нан астам әйел жүктілік бойынша есепке алынды. 1307 отбасында көптен күткен 1560 бала дүниеге келді. Бұл бағдарлама «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін жалғасатын болады», - деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында.