Анна Данилина жұптық сында жартылай финалға шықты

Анна Данилина жұптық сында жартылай  финалға шықты
Сурет: Olympic.kz

Тартысты өткен бәсеке екі сағаттан астам уақытқа созылды.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда швециялық Ребекка Петерсон - ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік байқасты. Бірінші партияда швециялық- ресейлік жұп басымдылық танытты - 6:4. Екіншісінде Анна мен Беатрис есе қайырды - 7:5. Сосын үшінші, шешуші сетті жеңіспен тәмамдады - 6:3. Тартысты өткен бәсеке екі сағаттан астам уақытқа созылды.

Анна мен Беатрис финалға шығу үшін жапониялықтар Сюко Аояма - Ена Шибахарамен таласады.