Анна Данилина Мексикадағы WTA турнирінің ширек финалына шықты

Анна Данилина Мексикадағы WTA турнирінің ширек финалына шықты
Сурет: Kazlenta.kz

Ол Бразилия өкілімен бірге сәтті өнер көрсетті.

Анна Данилина Гвадалахарадағы WTA 1000 сериялы турнирдің екінші айналымында Бразилия өкілі Беатрис Хаддад Майямен бірге жұпта сәтті өнер көрсетті. Олар АҚШ спортшысы Дезире Кравчик пен Нидерланды өкілі Деми Схурсты жеңді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Матч 3:6, 7:5, 10:8 есебімен аяқталды.

«Ширек финалда Қазақстан-Бразилия дуэті әлемнің үшінші жұбы, американдық жұп Кори Гауфф пен Джессика Пегуламен кездеседі», - деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.