Анна Данилина Астанадағы жарыстың жартылай финалына шықты

Анна Данилина Астанадағы жарыстың жартылай финалына шықты
Сурет: Ашық дереккөз

Ал, Гөзал Айнитдинова жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour «BeeTV 40 Women's» турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А.Данилина Беларусь өкілі Ирина Шимановичпен бірге ширек финалда таилықтар Луксика Кумхум - Пеангтарн Плипукты 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстандық-белоруссиялық жұп финалға шығу үшін нидерландылықтар Ясмин Гимбрере - Бибиана Схоофспен таласады.

Гөзал Айнитдинова жарыс жолынан шығып қалды. Ол жекелей сында әлемнің 170-ракеткасы, франциялық Хлоэ Пакеге жол берді - 6:7 (3:7), 0:6. Жұптық сында ресейлік Екатерина Маклаковамен бірге ресейліктер Виктория Дьяченко - Анастасия Тихоновадан ұтылды - 6:7 (5:7), 3:6.

Жібек Құламбаева Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге тартысты матчта доданың екінші ракеткалары, оңтүстіккореялықтар Хан Лэ Хань - Су Джон Чанға есе жіберді - 3:6, 6:4, 3:10.