Анкарада нөсер жауынның соңы селге ұласты

Анкарада нөсер жауынның соңы селге ұласты
Cурет: 24.kz

Құрылыс көліктерінің көмегімен адамдар автобустардан эвакуацияланды

Екі күн қатарынан Түркия астанасы Анкарада жауған жаңбыр тұрғындарды әлекке салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Қарғын судың қарқыны қатты болғаны сонша, суағарларға сыймай, жолдың үстіне шығып кеткен. Салдарынан көліктер су астында қалды. Тіпті кейбір тұрғындар жолды жүзіп өткен. Құрылыс көліктерінің көмегімен адамдар автобустардан эвакуацияланды. 

Бұдан бөлек, көптеген тұрғын үй, дүкен мен мектептердің төменгі қабаттары су астында қалған. Төтенше апаттың салдарын жою үшін муниципалдық билік ең қиын аудандарға құтқарушылар мен дәрігерлерден құралған жасақтарды жіберді.