Анкарада «Бабалар аманаты» кітабының 4-томының тұсаукесері өтті

Анкарада «Бабалар аманаты» кітабының 4-томының тұсаукесері өтті
Сурет: 24.kz

Көркем еңбек пәні мұғалімдері мен кәсіби суретшілер жинағының кезекті туындысы Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Қазақстан елшілігінде өткен шарада қазақ педагогының өмірі мен еңбектері және сирек кездесетін суреттері көрсетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай туындылар жас буынды тарихқа баулып, отансүйгіштікке жетелейді.

«Бабалар аманаты» жобасының жетекшісі ретінде елімізде болып жатқан мәдени іс-шараларға және Қазақстан мен Түркия елі арасындағы достық қатынасты нығайтуға барысында осындай үлкен мәдени шаралар халықаралық бағытта ұйымдастырып отыр. Соған өзімнің кітабымның таныстырылымын елшілікте атап өттік», - дейді «Бабалар аманаты» жобасының авторы Қанағат Кодеков.