Бекзад жуырда бокстың көкесін танытпақ

Бекзад жуырда бокстың көкесін танытпақ
Сурет: М.123ru.net

Қызу кездесу болмақ

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетовтің (3-0, 1КО) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап

Отандасымыз 5 ақпанда Ақтауда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады.  

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Нұрдәулетов 23 жастағы голландиялық боксшы Чико Куасимен (5-0-1, 2 КО) кездеседі. Он раундқа жоспарланған жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы вакантты «жастар арасындағы» WBO белбеуі сарапқа салынады.

Айта кетейік, Бекзад бұған дейінгі кездесуін 6 қарашада өткізді. Онда өзбекстандық Фаррух Джураевты (6-5-1, 2 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.