Анықтама қажет емес

Анықтама қажет емес Сурет: Aikyn.kz

Елімізде ауруханалардың қызметкерлері жылына бір рет сотталмағандығы, сыбайлас жемқорлық фактілерінің жоқтығы туралы анықтама тапсырудан босатылды.


Бұдан былай бұл анықтамаларды тиісті ведомство бірыңғай деректер базасынан алуы мәселесі қолға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Телеграм арнасында жазған.



«Азаматтармен сөйлесу барысында бір ауқымды мәселеге көзім жетті. Мәселе мынадай. Барлық ауруханалардың қызметкерлері жылына бір рет сотталмағандығы туралы, сыбайлас жемқорлық фактілерінің жоқтығы туралы және басқа да анықтамаларды әкелуге мәжбүр болады екен. Бұны бірыңғай деректер базасынан алуға болады. Осы жерде дереу цифрландыруға жауапты денсаулық сақтау вице-министрімен хабарласып, ертең облыстық және қалалық денсаулық сақтау басқармаларына осы талаптардың күшін жоюды талап етіп, олардың кадрлық қызметтеріне, қажет болған жағдайда қызметкерлердің келісімі бойынша осы анықтамаларды дерекқордан сұратуға мүмкіндік беруді тапсырдым», - дейді министр Астанадағы Сарыарқа ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығына барған сапары жайлы хабарламасында.



Сондай-ақ, Бағдат Мусин онда келушілерге үйден шықпай-ақ қандай қызмет түрлерін алуға болатындығы туралы ақпарат бергенін атап өткен. «Атап айтқанда, психоневрологиялық, наркологиялық, соттылық болуы немесе болмауына қатысты, т.б анықтамаларды eGov Mobile қосымшасы арқылы жүктей алады», - деп жазған ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11

12:07

11:49

11:40

11:25

11:24

10:57

10:49