Ангела Меркель отставкаға кетті

Ангела Меркель отставкаға кетті
Сурет: Vedomosti.ru

Меркель канцлер лауазымына 2005 жылы қарашада сайланған.

Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Ангела Меркельге канцлер өкілеттілігінің аяқталуы туралы ресми хабарламаны тапсырды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Іс-шара Мемлекет басшысының резиденциясында - Бельвю сарайында өтеді. Коронавирустық пандемияға байланысты оған қатысқан қонақтар мен журналистердің саны шектеулі.

Бұған дейін Германия Президенті Меркельге жаңа Министрлер кабинеті құрылғанша уақытша қызмет атқара тұруды тапсырған болатын.

Сейсенбі күні Берлинде 20-шы Бундестагтың құрылтай жиналысы өтті. Депутаттар Парламенттің жаңа президентін - 53 жастағы Бербель Басты (Германия социал-демократиялық партиясы, СПД) сайлады.

Германияның негізгі заңының 69-бабына сәйкес, Германия Федеративтік Республикасының канцлері мен Үкімет министрлері жаңа шақырылымдағы Бундестагтың бірінші отырысы өткен сәттен бастап отставкаға кетуі керек.