Қандай қосымшалардан интернетсіз жаңалық оқуға болады?

Қандай қосымшалардан интернетсіз жаңалық оқуға болады?
Сурет: Langalex.com

Соңғы ақпараттарды интернетке қосылмай-ақ, Kaspi.kz, Halyk Homebank және «Менің Beeline-ым» қосымшаларынан оқуға болады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Kaspi.kz, Halyk Bank және Beeline-мен бірге қосымшалардың басты бетінде «Мемлекеттік жаңалықтар» бөлімін іске қосты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазіргі таңда кейбір банктердің төлем сервистері қайта іске қосылды. Сондай-ақ бірқатар ақпараттық ресурстар - tengrinews.kz, inform.kz, baq.kz, 24.kz, stopfake.kz, qazaqstan.tv, zakon.kz, baigenews.kz және т.б., сондай-ақ akorda.kz сайты офлайн тәртіпте жұмыс істеп тұр.