«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының мақсаты қандай?

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының мақсаты қандай?
Сурет: Аzattyq-ruhy.kz

Қордың мақсаттары мен атқаратын істері қандай болмақ?

Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Өте ауқатты бай адамдардың халыққа көмектесетін кезі келді» деген болатын. Құрылғаннан бері жиналған қаржының көлемі 12 млрд теңгеден асқан. Ал қордың жұмысы, миссиясы турасында көпшілікке кеңірек таныстыруды жөн көрдік. Ашық дереккөздерде бірқатар атқаратын істері көрсетілген.

Қордың мақсаты:

  • Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан халқына қайырымдылық көмек көрсету;
  • Төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимі енгізілгенде зардап шеккен халыққа көмек көрсету;
  • Халықтың әлеуметтік осал топтарынан мұқтаж балалар мен балалар үшін спорттық инфрақұрылымның дамуына және оның қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу;
  • Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау;
  • Қор қызметінің өзге де басым бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету.