Бас бапкердің алдағы бокс додалары туралы ойы қандай?

Бас бапкердің алдағы бокс додалары туралы ойы қандай?
Сурет: Оlympic.kz

Бас бапкер: Екі жарыс күтіп тұр

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің дерегінше, қазақстандық боксшылар ақпан айында екі халықаралық жарысқа қатысады. Бұл туралы команда бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ақпан айында оқу-жаттығу жиындары өтеді. Ал 15 ақпаннан бастап біздегі жарыстар тізбегі басталады. Бір құрамды Бішкекте өтетін халықаралық турнирге жібереміз, ал екінші құрам Болгариядағы дәстүрлі «Странджа» турниріне қатысады. Әзірге елдегі төтенше жағдайға байланысты команда жиналған жоқ», - деді Қайрат Сәтжанов. 

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшылардың Ташкенттегі Азия чемпионатына қатыспайтыны белгілі болған.