Анасының көлігін айдап кеткен Талғар тұрғыны Алматыда ұсталды

Анасының көлігін айдап кеткен Талғар тұрғыны Алматыда ұсталды
Сурет: Pilotov.net

Алматыда анасының көлігін ұрлап кеткен Талғар тұрғыны ұсталды

Таяуда Талғарда қызық оқиға орын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Polisia.kz хабарлауынша, жақында Талғар АПБ кезекші бөліміне үйінің ауласынан Nissan автокөлігі ұрланғаны туралы өтінішпен аудан орталығының 48 жастағы тұрғыны жүгінген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде полицейлер жәбірленушінің көлігін айдап кеткен күдіктіні Алматы қаласында ұстады. Белгілі болғандай, ол көлік иесінің 23 жастағы ұлы болып шықты. Анықталғандай, жігіттің атына сақтандыру полисі ресімделгеннен кейін, оның осы көлікті жүргізуге құқығы бар болып шыққан.

Жас жігіт анасын ескертпестен, оның көлігін мініп кеткен.

Автокөлік иесі тәртіп сақшыларының алдында кешірім сұрап, полицейлерге жеделдігі үшін алғыс айтты. Оның көлігі өзіне қайтарылды.