Анасын соққыға жыққан алматылық сотталды

Анасын соққыға жыққан алматылық сотталды
Сурет: Zakon.kz

Мамыр айында әлеуметтік желіде Алматыда зейнеткердің соққыға жығылған сәті түсірілген видео тараған.

Алматы тұрғыны зейнеткер анасын қатты соққыға жыққаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Белгілі болғандай, видеода ене мен келін арасындағы жанжал, оның барысында 50 жастағы ұлының 74 жастағы анасын қатты соққыға жыққаны бейнеленген.

Бұл қылмыстық істі Алатау аудандық соты қарады.

Сот барысында сотталушы Александр Смирнов анасын қалай ұрғаны есінде жоқ екенін айтып, енді мұндай жағдай қайталанбайтынын айтып, кешірім сұрады. Алайда егде жастағы әйел баласын кешірмейтінін айтты.

«Сот үкімімен Александр Владимирович Смирнов баптың 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107 бабы бойынша 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленсін», - деген Алатау аудандық сотының судьясы Гүлзат Шардарбекова.