Анашым!

Ербол Исаханов бала кезден өлең жазатын. Көп оқып, көп ізденетін. Ұлы Абайды, Ілиясты, Мағжанды, Мұқағалиды ұстазым деп пір тұтады, өлеңдерін жатқа біледі. Оның Отанға, туған жерге, ата-анаға, адамдарға деген ілтипатын өлеңдерінен-ақ көруге болады. Ерболдың бір топ өлеңдерін «Алматы ақшамы» газетіне жариялағанды жөн санадық.

Анашым!

Қартайып барасың,

Өткенде қысылып қалғамды,

Келгенде нағашым.

 

Барлық үміт, барлық төзім таусылды.

Айналамда анталаған жау сынды.

Қажеті не туған-туыс бауырдын.

Білгендері кінә тағу – дау сынды.

 

Өткеріп сап талай дауыл боранды.

Ғазал жүрек бүгін өртке оранды,

Өлеңіме арыз жазып отырмын.

Малып алып үмітіме қаламды.

 

Қажеті не арпалысқан өмірдің,

Қой, болады, барлығынан жеңілдім.

Соңғы мына болып өткен айқаста.

Не ұғынып, не түсініп,не білдім.

 

24 жыл соғыс өтті қанша мың,

Бүгін соңғы үміт өшті шаршадым.

Әр адамның үиі бөлек, ошағы,

Қой көңілін таба алмассың баршаның.

 

Бәрін барын, болар, жетер кештімде,

Кінә тағып, өкпе артпаймын ешкімге.

Өкпе артарсың тұрар соған жан болса,

Өз білгені бар емес пе көктің де.

 

 

**** **** ****

 

 

Жиып теріп не асыл сөз маржанды.

Бар ықылас аналарға арналды.

Бұл тақырып Ғабит ағам өзінде.

Толығымен жетерліктей қозғалды.

 

Десек тағы менің анам бəрінен.

Жаратылған мейірімнің өзінен.

Кінəм үшін жазаланып тұрсамда.

Нұр шапағат сезілетін көзінен.

 

Менің анам, менің анам өзгеше.

Мейірімін төгетұғын мен десе.

Мына əлем не боларын білмеймін.

Аналардың махаббатын сезбесе.

 

 

***              ****              *****

 

 

МАРУСЬЯ.

 

Соғыс бітті, уақыт келді, елге оралар, кетерге.

Сүйкімді әиел қылығына қызықпауың бекер де.

Ғашық болып Марусья атты сұлуға,

Тұрып қалды қосын тігіп шет елде.

 

Бәрі жақсы, жаман емес жағдайы,

Бар жағдайды жасап жатыр алғаны,

Осы жерде өткізер еді өмірін,

Еш күтпеген бір жағдайдың болғаны.

 

Ұйықтап жатып түсінде,

Жолыққанды ақ сақалды кісіге,

Қамшысының түртіп қалып  ұшымен,

«Неге мұнда қанғып жүрсің»-десі ме.

 

Шырт ұйқыдан оянды.

Өзі жайлы, өмір жайлы ойланды.

Бөтен елде, бөтен жерде неге жүр,

Ел-жұртына оралмаса болмайды.

 

Ертеңінде жол жүруге қамданды.

Марусьяға айтпақ болып сан барды.

Іші сезер «кететінін еліне»

Сүйкімді әиел сырпақтатып қоймайды.

 

Бұрылды да құшағына құлады,

Мөлт-мөлт етіп жаудырайды жанары.

-Неге, неге оралмақсың еліңе,

Жаман ба әлде бұл арада жағдайың»

 

-Бәрі жақсы,

Бәрі жақсы,

Ал бірақ,

Елден жырақ,

Болмас еш жер,

Маған тұрақ,

 

Парызым бар

Қарызым бар,

Орындайтын ,

Жалғыз ұлдар»

 

Ондайда,

Басқалары орындаса болмай ма.

Әкемізден қалған соңғы тұяқпын,

Оралмасам аруақтардан ұятты,

Мүмкін аман қалғанымда қырғыннан,

Тәңірімнін бір есебі сияқты.

 

Ер тардады туып-өскен еліне,

Ата-баба қоныс тепкен жеріне.

Ертеңіне жолға шықты жиналып,

Таныстарға «қош,амандық» — деді де.

 

Вагон іші нөпір халық қаптаған,

Абыр-сабыр ұйқыға ешкім жатпаған.

Жігіт отыр өз ойымен өзі боп,

Ойларымен әуре болып қаптаған.

 

«Білемін.

Бір күні менде өлермін,

Көмерін.

Сосын-сосын шамалы

Біреуге болар керегім.

 

Білемін.

Тұрғанда соғып жүрегім,

Аларым бар, берерім,

Жек көрермін сүйермін,

Маңдайыма жазғанын,

Түгендеп бәрін көрермін,

Сосын-сосын білемін,

білемін,

білемін.»

-Қой, елге барайын,

Анамды қолға алайын,

Өшіп қалған әкемнің,

Пешіне отын салайын».

 

 

****      ****     ****

 

 

ТҮНГІ ОЙ.

 

Қараңғы түн шымылдығын жамылып,

Қараңғылық қамалында қамығып,

Қара түнде, қара жолдын шетінен,

Бір сәулені іздеймін бе сағынып.

 

Сансыз сұрақ бір-бірімен таласқан,

Жылдар жылжып қырқасынан ары асқан,

Қара түнде, қара бөлме ішінде

Беймазыны кім ұғады сыр ашқан

 

Көтере алмай өтемін бе еңсемді,

Ертең деген ертеңді де еңсердім.

Қара түнде, қара жолдың шетінен,

Іздейтін де сияқтымын мен сені.

 

Таң бозара бәрі бітті, таусылды,

Өзің жайлы бір шешімім бар сынды.

Көз алдымда екі ару, екі қыз,

Біле алмадым ұнатамын қайсынды.

 

Қырықтын қырқасында-ақ тұсалған,

Бұл махаббат ұстатпайтын құс арман,

О, жасаған.

 

Тұтатпақ боп махаббаттың пілтесін,

Қалқам неге кірпігіңмен түртесін.

Саябаққа кешке шығып кетсем бе.

Киіп алып ғашықтардың күртесін.

 

Біздің бақта қалқам бірақ алайда.

Қар қыпықтап ұласқанды боранға.

Тағдырыма тежей алмай тебініп,

Көктөбеге қайта айналып соғам ба.

 

****     ****     ****

 

 

Уа, дүние жанымды жабықтырдың,

Жанарымда жанбас үміт жанып тұрды,

Болмайтын мәселені бетіме әкеп,

Неменеге лақтырдың,

 

Айналамда,

Бар ғаламда,

Жалғыз жалған қалған ба,

Осы адамдар неге әуес өзін өзі алдауға,

Әлде өмірдін шындығы бұл жалған ба?

 

Бәрі біткен,

Құр үмітпен,

Шоқты үрлеймін күл болып жанып біткен,

Шырылдаған шындықтын құны кеткен,

Ақиқат айырылғалы құдыреттен.

 

Қыс түсседе көре алмаймыз ақ қарды,

Үрпек үлпа жерге жетпей тапталды,

Қайтем теріп кемшілігін басқаның,

Менің өзім өз жаныма жат жанмын.

 

Енді жалғыз білерім,

Жалғандықты жамылып жалғанда өмір сүрерім,

Таба алады кім емін,

Қанша уақыт шыдар соғар жүрегім

 

****      ****    ****    ****

 

ЖАЛҒАН

Білемін,

Бір күні менде өлемін,

Көмерін,

Сосын сосын шамалы

Біреуге болар керегім.

 

Білемін,

Тұрғанда соғып жүрегім,

Аларым бар берерім,

Жек көрермін, сүйермін,

Жылармын бірде күлермін,

Маңдайыма жазғанын

Түгендеп бәрін көрермін,

Сосын сосын білемін

Білемін

Білемін.

 

Ербол ИСАХАНОВ, ақын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *