Аналар кеңесі: Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт

Аналар кеңесі: Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт
Сурет: Almaty.tv

Шарада жыл бойы ерен еңбегімен, мейірімді жүрегімен көпті тәнті еткен аналар марапатталды

Бүгін Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Ауқымды шараға еліміздің әр өңірінен келген 100-ден аса ана қатысты. Олар екі күн бойы қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады. Бұл кездесу аналарға жаңа серпін беру үшін ұйымдастырылды дейді Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов. Сөзінше, биыл ғана тұсауы кесілген «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасы - соның дәлелі. Бастаманың мақсаты – отбасылық құндылықты дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық салт-дәстүрді сақтау.

«Осы өңірлердегі аналар кеңесі жұмысымен танысып, жобаларды ортаға салып, барлық мәселені талқылау, оның басты мақсаты. Аналар кеңесі жұмысын әрмен қарай ілгелірету болып табылады. Мен ойлаймын, кешеден бері жақсы отырыстар болған шығар деймін. Негізі білесіздер, отбасы, ана, бала мүдделері барлық осы мәселелер мемлекет басшысының аса назарында», – деді  Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов.

Шарада жыл бойы ерен еңбегімен, мейірімді жүрегімен көпті тәнті еткен аналар марапатталды. Оның қатарында, жұртқа үлгі болған «Ел анасы», жастарға қол ұшын созып, пана еткен «Аялы алақан» секілді номинациялар табысталды. Айта кетейік, бүгінде елімізде 2 мыңға жуық аналар кеңесі бар. Онда 13 мың ана жұмылдырылған.