«Ана- өмiр гүлi!»

Алматы қаласы бiлiм Басқармасы №7 Оқушылар үйi Түрксiб ауданындағы көпбалалы аналар мен соғыс ардагерлерiн  және тұрғындарды, ұстаздар қауымын жинап  «Ана- өмiр гүлi!» атты үлкен мерекелiк концерт өткiздi. 

Концерттiң беташар құттықтау сөзiнде сөз сөйлеген №7 Оқушылар үйi директоры Айнур Даулбаева бүгiнгi өркениеттi қоғамымыздың лайықты мүшелерi бiлiм-бiлiгi кемел, парасатты да мәдениеттi, саяси-әлеуметтiк белсендiлiгi жоғары, нәзiк жанды сұлу арулар мен аналарды, қыз-келiншектер қауымын, ұстаздарды көктемнiң алғашқы мерекесi Аналар мейрамымен құттықтады. Қазақстан Республикасының патриоты ретiнде елiмiзде алдағы уақытта өтетiн сайлауға қатысу – әрбiр азаматтың борышы болып табылатынын айтып, сайлауға белсендi, бiр кiсiдей қатысуға шақырды.

Бұл мерекелiк концерттi тамашалауға келген көпбалалы аналардың атынан  сөз сөйлеген аудандық «Көпбалалы аналар одағының» төрайымы Бибiраба Айымбетова барша аналарды мерекесiмен құттықтап, аналардың мерейiн асқақтатқан «№ 7 Оқушылар үйiнiң» ұжымы мен жас өнерпаздарына шексiз  алғысын бiлдiрдi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *