АНА ҚАДІРІ

Ана- тіршіліктің қайнар көзі ,негізі. Дінімізде де, дәстүрлі қазақ халқында да ананың қадірі ерекше орын алады. Махаббаттың шуақ күні, мейірімділіктің кәусар бұлағы- анадан асқан дүниеде қасиетті ештеңе жоқ.​ ​ Аналар балаларын көзінің қарашағындай сақтап, мәпелеп, тоғыз ай құрсағында көтеріп, аялап өмірге әкеледі. Дүние есігін жаңа ашқан нәресте ең алғаш анасын көреді және өмірінің мәні ана сүтімен нәрленеді. Нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, жылағанда анасының қоңыр даусымен айтылатын тәтті сазы -бесік жыры. Ғазиз ана бесікке сүйене отырып сәбиіне бар махаббатын әуен арқылы жеткізіп, жұбатады.​
​ ​ Ана- әр адамның өмірдегі ең қадірлісі, жанашыры, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған ардақтысы. Халқымызда бұрыннан келе жатқан ‘’Ана сүтін ақтау’’ деген ұғым бар. Ал ана сүтін ақтамау ең зор қылмыстардың бірі. Бәріміздің бойымыздағы тәрбие мен жақсы қасиеттер анадан тарайды. Алайда өмірде анасының махаббатына бөленіп өссе де, ананың қадірін білмейтіндер, анасын сыйламайтын санасыз, ар ұятынын жұрдай екі жүзді сұрхия адамдар жеткілікті.
‘’Жұмақтың кілті ананың табанының астында’’ деп бекер айтылмаған. Ананың разылыған алған адам Алланың да ыстық ықыласына бөленеді. Осы тұста бір оқиғамен бөліскім келеді.
Бір күні ардақты пайғамбарымыздың алдына бір әйел келіп:
— Сіздің жақын сахабаңыз әрі сырласыңыз болған Алқама қатты қиналып, өлім төсегінде жатыр, — деп хабар береді. Пайғамбарымыз Әбу Бәкір садық пен Біләл азаншыны жіберіп, Алқамадан хабар алуды бұйырды. Әбу Бәкір келіп, Алқамамен сұхбаттасқанда, Алқама сөйлеп, өзінің жайынан хабардар етеді. Алайда тілін кәлимаға келтіріп: «Лә иләһа иллаллаһ» деп айта алмады.Бұған таңырқаған пайғамбарымыз өзі келіп көреді. Бар жайдан қанық болған соң сахабаларына қарап:
— Бұл Алқаманың анасы бар ма? – деп сұрайды. Сахабалар:
— Әкесі ертеректе дүние салған, анасы болуы керек, — деседі.
— Ол анаға хабар беріңіздер. Егер келе алса, менің құзырыма келсін, келе алмаса, өзім барайын, — дейді. Хабарды алған Алқаманың анасы:
— Пайғамбарымыздың алдына өзім барамын, — дейді. Сыртта көлеңкеде ауырып жатқан баласының жанынан өтіп барып, тіке Пайғамбардың алдына келіп сәлем береді. Пайғамбарымыз одан:
— Сіздің балаңыз Алқама қандай бала еді? –деп сұрақ қояды.
— Балам жақсы, сіздің маңайыңызда қызмет атқарады, — дейді. Сонда Пайғамбарымыз:
— Жоқ, сізбен мәмлесі қандай еді? – дегенде:
— менің баламнан көңілім қалғаны қашан, бұл баланы балам деп ұмытқалы көп уақыт болды, — дейді де, көз жасын тыя алмайды. Себебін сұрағанда:
— Баламның сәби кезінде әкесі дүние салды. Жесірліктің тауқыметін тарттым. Күйеуге де шықпадым. Осы жалғыз балама өгей әкесі көзін тігіп, қабақ шытып қараса, жүрегім бұл жағдайға шыдай алмайтынына сендім. Балам өсіп, азамат болды. Үй болды. Бірақ сол күннен бастап бар тәтті тамақты әйеліне тасыды., бар жылы сөзді әйеліне арнады. Осы жағдайларды көріп, бір үйде тұра алмайтынымды білген соң, жүгімді жинап, кетуге даярландым. Сонда балам: «анашым, сіз мені бағып-қаққан едіңіз, енді қайда барасыз?» деп сұрауға да шамасы келмей, баратын үйіме жүгімді көтеріп, апарып берді. Міне, сол сәттен бері аналық мейірім — махаббатым бұл балама теріс болды. Пайғамбарымыз:
— Балаңыз жалған дүниемен қош айтысқалы жатыр. Ризалығыңызды білдіріңіз, — дейді.
— Разы емеспін,- деп ана қайталайды. Сол сәтте пайғамбарымыз сахабаларына:
— Отын жиыңдар да, үлкен алау жағыңдар! Анасын нариза еткен баланың отта жануын анасы мен баршаларыңыз көріңіздер! – деп бұйырады. Сонда Алқаманың анасы:
— Ей, Расулалла Пайғамбар, балам жанғанша, сол отта мен жанайын, балама разымын, разымын,- деп бірнеше рет қайталайды. Сол сәтте Алқама «Лә иләһа иллаллаһ» деп жан тапсырады. Пайғамбар:
— Дүниенің азған отына балаңыздың түсуін қаламадыңыз, разылық бермегеніңізде балаңыз мәңгілік тозақ отына түсер еді, — дейді.
Міне, осыдан-ақ дүниедегі ең қымбат жан ана мен әке екенін аңғаруға болады.
​ ​ ​ Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. “Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса” делінген онда.
​ “Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер” деген ұлағатты сөз бар.
​ Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде “Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, парызыңды өтей алмайсың”; “Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады” делінген.
​ Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!
​ Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, барлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса. Бардың қадірін білмеудегі ең сорақысы, дүниеде ата-ана қадіріне жетіп оны түсінбеу.​ 
​ Оларға жекіп қарап, қарсы сөйлеу, әңгімесіне құлақ түрмеу, айтқанын тыңдамау, осының барлығы да, алақанында аялап өсірген әке — шешемізге лайықты түрде құрмет көрсетпеу болып саналады емес пе?​
Ақымақ болмаңдар!​ Бұл сендерге берілген Алланың сыйлығы. Осындай байлықты қастерлеп бағалау әр баланың парызы. Шүкіршілік етіп, егер аналарыңды ренжітіп алған болсаңдар, құшақтап, аялы ыстық алақандарынан ұстап кешірім сұраңдар.​ ​​​​​​​А. Бальзактың​ ​ ‘’Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады.’’ керемет нақыл сөзі бар.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Раметдинқызы Аружан
Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *