Шаһарда 170 велосипед қолды болған

Шаһарда 170 велосипед қолды болған
Сурет: Рedallovers.com

Бұл жағдай бұлғақ кезінде орын алған

Алматыда жаппай тәртіпсіздік уақытында жалға берілген 170 велосипед ұрланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов мәлім етті.

«220 велосипед пен 21 Almaty Bike велостанциясы бұзылды. Оған қоса 170 велосипед ұрланған. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйені қалпына келтіру және тексеру жұмыстары жүргізілуде. Халыққа қызмет көрсетуді жаңарту 20 қаңтарға дейін жоспарланған», - деді Ғани Мырзаханов.

Оның айтуынша, зақымдалған велосипедтерді жөндеу және ұрланған велосипедтерді қалпына келтіру үшін қосымша 370 млн теңге бөлу мәселесі қаралып жатыр.