Ә. Бектаев: Халықты жұмыспен қамту керек

Ә. Бектаев: Халықты жұмыспен қамту керек
Сурет: Аigak.kz

Сенатор осындай пікірде

Азаматтарды жұмыспен қамту және оларды әлеуметтік қорғау – ұлттық мәселе, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап

- Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан басты тезистердің бірі, - дейді ҚР Парламенті Сенат депутаты Әли Бектаев.

«Халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау ұлттық проблема болуы керек. Өңірлік мәселеге айналып кетпеуі керек. Әкімдердің өздерінің шешетін мәселесіне айналып кетпеуі керек. Осы тұрғыдан алған кезде ауылды дамыту, ауылдық елді мекендерді дамыту, ауылдық территорияларды дамыту, аграрлық секторды, өндірісті дамыту өте маңызды мәселе», - деді  ол.