Америкалық Forbes журналы Димаш туралы жазды

Америкалық Forbes журналы Димаш туралы жазды
Сурет: Ktk.kz

Осы аптадағы ең жоғары рейтинг Димаш Құдайбергенге тиесілі болды.

Америкалық Forbes журналы Димаш Құдайберген туралы жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

«Осы аптадағы ең жоғары рейтинг Димаш Құдайбергенге тиесілі, оның жаңа синглі Twitter желісіндегі ең көп талқыланған тректер рейтингінде алтыншы орынға ие болды. Бұл тізімге алғаш рет қазақстандық музыкант қосылды және оның бүкіл әлемде жеткілікті үлкен фан базасы бар екені анық, бұл жеткілікті твиттер жинауға көмектесті », - деп жазады Forbes.