Америкалық компания Қазақстанда инвестиция құятын аймақты таңдады

Америкалық компания Қазақстанда инвестиция құятын аймақты таңдады
Сурет: Vedomosti.ru

Кәсіпорында 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Қазақстанда АҚШ инвесторының қатысуымен ет өңдеу зауытының орналасу аймағы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz LS cілтеме жасап.

Қонаев әкімдігінде хабарлағандай, жоба "Арна" индустриялық аймағында жүзеге асырылады. Сонымен, жалпы ауданы 100 га учаске анықталды. Қазіргі уақытта берілген жер учаскесін түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жоба бастамашылары қажетті құжаттарды рәсімдеп, келісу процестерi жүріп жатыр.

Алдын ала деректер бойынша, кәсіпорынның қуаты тәулігіне 2 мың бас iрi қара мал немесе шамамен 100-120 мың тонна етті құрайды. Инвестиция көлемі 127,5 млрд теңге болуы мүмкін. Зауытты iске асыру мерзімі айтылмаған. Бірақ, кәсіпорында 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.