Америкадағы қазақ мәдениеті

Жақында  сайтымыздың «Қайырлы таң, Алматы» айдарында Америкада білімін жетілдіріп жүрген қазақ журналисі Гүлвира Биғалиева жұртшылыққа сәлем жолдағаны туралы жариялаған едік. Үнемі ізденіс үстінде жүретін Гүлвира оқу орны берген тапсырманы орындау мақсатында қала аралап, атақты Манхеттеннан қазақ ұлттық нақыштағы кафеге жолыққан. Сол жерден арнайы репортаж жасаған.