Америкада жүрген Марат Омаровты ел танымай қалды

Америкада жүрген Марат Омаровты ел танымай қалды
Сурет: Altyn-orda.kz

Әнші имиджін өзгерткен.

Отандық танымал әнші Марат Омаров имиджіне өзгеріс енгізіп, елді таңғалдырды. Мұртын алып тастаған өнер иесін көпшілік танымай қалған, деп жазады Altyn-orda.kz газеті.

Үш ай бойы Америка құрама штаттарында тұрған Марат Омаров өз жақындары мен достарын сағынған көрінеді. Эстрада жұлдызы Instagram желісінде оларға ән жолдап, сағынышын жеткізген.

Алайда қалың көпшіліктің бар назары әнде емес, әртістің бет-әлпетінде болған. Бейнежазбадан Омаровтың имиджін өзгертіп тастағанын байқауға болады. Өнер иесі мұртын алып тастаған. Желі қолданушылары әртісті бірден қызу талқыға алды. Олар жұлдыздың бұл өзгерісіне қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Кейбірі тіпті оны танымай қалғандарын жазуда. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Марат Омаров???? (@marat_omarov_kz)