Аманғали Бекболатов грек-рим күресінен Азия чемпионатында күміске ие болды

Аманғали Бекболатов грек-рим күресінен Азия чемпионатында күміске ие болды Сурет: o

Ел қоржынына бірінші медальді салды.


Қазақстандық балуан Аманғали Бекболатов Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.


Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық кезеңі басталды. 


55 келі салмақ дәрежесінде финалда қазақстандық балуан Аманғали Бекболатов жапониялық Ю Шиотанимен белдесті. Екеуара кездесу 13:2 есебімен жапониялық балуанның еншісіне шешілді.


Осылайша, Аманғали Бекболатов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанып, аталған құрлықтық біріншілікте ел қоржынына бірінші медальді салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0