«Аманат» партиясының бірқатар филиалына жаңа төраға сайланды

«Аманат» партиясының бірқатар филиалына жаңа төраға сайланды
Суреттер: Google.com

Басшылық құрамда ауыс-түйіс болды

Кезектен тыс өтіп жатқан конференция кезінде ашық дауыс беру арқылы партияның өңірдегі басшылары айқындалып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Мәселен, Жетісу облысында бұл қызметке филиалдың бұрынғы атқарушы хатшысы Арын Арыстанғали тағайындалды.

Ал Алматы облысындағы «Аманат» мүшелері Қуат Байғоджаевты сайлады. Осыған дейін Батыс Қазақстан облысында да жиын өтіп, жергілікті филиалдың төрағасы болуға Мұрат Мұқаев лайық деп танылған.