AMANAT партиясы жанынан көп функционалды баспасөз орталығы ашылды

AMANAT партиясы жанынан көп функционалды баспасөз орталығы ашылды
Сурет: Inbusiness.kz

Ол «Ашық партия» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ашылған.

AMANAT партиясының Орталық аппаратында көп функционалды баспасөз орталығы ашылды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Онда тұрақты түрде брифингтер, баспасөз конференциялары және медиа саласының өкілдерімен түрлі форматтағы кездесулер өтеді», - делінген хабарламада.

AMANAT партиясы жанындағы баспасөз орталығы депутаттық фракцияның жұмысы және партиялық жобалардың іске асырылуы туралы жедел ақпарат таратуды көздейді.