AMANAT-қа ADAL

AMANAT-қа ADAL
Сурет:Tengrinews.kz

26 сәуірде AMANAT партиясының кезектен тыс XXIII съезі өтеді.

Съезд барысында ADAL саяси партиясының AMANAT-қа қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

AMANAT партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдады.

«Бүгін AMANAT партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады. Съезд барысында ADAL саяси партиясының AMANAT партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда», - деді партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов.