Алғашқы қардың әсері мол

Алғашқы қардың әсері мол
Сурет: kk.wikipedia.org

Тұңғыш қардың жауғаны - қыстың есік қаққаны

Қар – барша адамзат үшін ерекше табиғи құбылыс. Әсіресе алғашқы қардың жөні бөлек. Жұрт қызықтайды. Балалар жағы ойнауға көшеді. Ең бастысы ауаны тазартады. Айналаны ақ мамыққа бөлейді. Кей аймақта алты-жеті айға дейін жатады. Ал кейбірінде  екі ай көлемінде ғана қыс мезгілі байқалады. Осылайша, ерекшелігімен көптің есінде қалады.

Тылсым табиғат. Біздер үшін ең керемет мезгілдің бірі ол – қыс ауасы. Бәлкім кейбіреулерге әртүрлі шығар. Мәселен, экватор белдеуі кесіп өтетін елдер Африка, Араб түбегі, Үндістан сықылды т.б елдерде қыс түспейді. Ал жер шарының солтүстік полюсі, солтүстік мұхиты жағында жаз болмайды. Ол жақта тек қана қар мен мұз жамылғысы орын алған. Бұлда бір табиғаттың ерекше қыры деуімізге толық негіз бар.

Алғашқы қардың әсері зор. Көбіміз бірінші қар тек балалардың қуанатын шағындай көреміз. Шындығында жас та, жасамыс та бәрі-бәрі жақсы көреді. Жыл бойы әртүрлі мезгілді өткізген адам баласы, басқасын іздейді. Бұл әрине қыс ауасының жақындауы деп білеміз. Өзі өмірде не нәрсенің де жаңасы қызық болып келеді. Сол сияқты алғашқы қардың, ағзаға да, көңіл-күйге де берер пайдасы мол.

Түйін. Һәкім Абай атамыз «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деп бекер өлең жазбағанын осыдан-ақ байқалады. Жалпы бірінші қардың түсуі баршаға қуаныш, қыстың қылышын сүйретіп келіп тұрғанын аңғартады.