Алюминийдің бағасы тарихи максимумға жетті

Завершилась ее третья неделя, сообщает Vecher.kz.

Алюминийдің бағасы тарихи максимумға жетті Сурет: Rustaste.ru

Қазір оның тоннасы 3400 доллардан асты. 


Лондон металл биржасындағы (LME) сауда барысында алюминий құны өзінің тарихи максимумын жаңартты, сауда алаңының деректері бойынша тоннасына 3400 доллардан асты, деп хаюырлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz  сілтеме жасап.   


Үш айлық алюминий фьючерстерінің құны Мәскеу уақытымен 13:44-те 4,22%-ға өсіп, тоннасына 3 433 долларға жетті. Алдыңғы рекорд – тоннасына 3 375 доллар – 2008 жылдың шілдесінде орнатылды. Әлемдегі ең ірі алюминий өндірушілердің бірі "Русал" акциялары шамамен 20%-ға арзандап, 60,63 рубль шамасында саудаланып жатыр.  


Айта кететіні, алюминий бағасы 2020 жылдың сәуір айынан бастап өсуде. Бағаның көтерілуі 2021 жылдың қыркүйегінде Гвинеядағы төңкерістен кейін орын алды, бұл әлемдегі боксит өндірісінің 20% құрайды.  


2022 жылдың ақпан айының басында 1 тонна алюминий бағасы 3200 доллардан асып, жыл басынан бері 18%-ға өсті.

Ваша реакция?
Нравится
0
Не нравится
0
Смешно
0
Возмутительно
0
Спасибо за Ваше мнение